Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі ұлғайғаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы шілде мен тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемені көтерді. Бұл туралы қор сайтында жазылды.
Өзгерістер 2022 жылғы 26 шілдеде күшіне енеді. Сол күннен бастап банктер депозиттік өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемені қайта қарауға құқылы.
Еске салайық, 25 тамызда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.п. проценттік дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған еді.