Каспий теңізіне үрлемелі матраспен ағып кеткен үш қыздың туысқандары облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының алдында жанжал шығарды. Олар құтқару операциясы таспаланған видеоны өшіруді талап етіп отыр.
Себебі құтқарушылар түсірген видео-фотосуреттер әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен. Қыздардың рұқсатынсыз жариялаған дейді ата-аналары.

Естеріңізге сала кетейік, 25 шілде күні таңғы сағат 6-лар шамасында «Қазтеңізкөлікфлоты» компаниясына қарасты «Сұңқар» кемесінің экипажы жағалаудан 22 шақырым қашықтан теңіз бетіндегі үш қызды құтқарған. Іздестіру жұмыстарына «Қазавиаспас» тікұшағы мен 15 қызметкер жұмылдырылған еді.