Оқиға

«Тегіннің — суы татымас». Алматыда тағы бір мектепте балаларға көгерген йогурт берген

Алматыдағы NGS жекеменшік мектебінде тамаққа байланысты жанжал туындады. Балаларға «FoodMaster» компаниясының көгеріп кеткен йогурттары берілген , деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мектеп әкімшілігі наразы ата-аналарға йогурттардың жарамдылық мерзімі әлі өтпегенін және қоймадағы сақтау шарттары барлық талаптарға сәйкес келетінін мәлімдеді.

Тексеру нәтижесінде өнім қаптаманың тігісіне түсіп, йогурт ағып кеткен деген қорытындыға келді. Өндіруші компания қызметкерлерді жоспардан тыс оқытуға және орау машиналарын қосымша тексеруге уәде берді.

Йогурттың көгеріп кету себептерінің бірі – NGS мектебіне жеткізілгенге дейін тасымалдау және сақтау кезінде температура режимінің сақталмауы. Компания сапасыз өнімді жеткізгені үшін мектептен ресми түрде кешірім сұрады.

Айта кетейік, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жандосов атындағы орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына тегін түскі асқа жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт бергенін жазған едік.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago