Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
26.09.2023
Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
26.09.2023
Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
26.09.2023
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
26.09.2023
Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
25.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > “Қорғастағы” жаңа ережелер кәсіпкерлердің наразылығын туғызды
Қоғам

“Қорғастағы” жаңа ережелер кәсіпкерлердің наразылығын туғызды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 26.04.2023
Обновлено 26.04.2023 в 08:04
Поделиться
Поделиться

“Қорғас” халықаралық сауда орталығындағы жаңа ережелер жергілікті кәсіпкерлердің наразылығын туғызды. Қазақ-қытай шекарасындағы орталыққа кіріп-шығу бұрыңғыдан да қымбат дейді саудагерлер. Бұл жөнінде КТК арнасы хабарлады.

Алайда пандемиядан кейін екі елдің азаматтарына есігін айқара ашқан «Қорғастың» басшылығы орталық, керісінше, заман талабына сай жаңарып, кедендегі кезек пен жүк тасымалындағы түрлі қиындықтарды түбегейлі шешкенін айтады.

Үш жылдық үзілістен кейін «Қорғас» халықаралық сауда орталығы жұмысын қайта бастады. Арзан тауар іздеген саудагерлер таңнан бері арғы бетке ағылып жатыр. Орталықтың басшылығы Қытаймен арада көпір болған экономикалық аймақта жаңа ережелер енгізіліп, туристердің арлы-берлі емін-еркін кіріп-шығуына барлық жағдай жасалғанын жеткізді. 

Орталықтың ішіндегі терминалдар күрделі жөндеуден өткізіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Екі ортада адамдарды таситын автобустар да жаңартылыпты. Туристердің жүгін шекараның келесі бетіне жеткізіп беретін арнайы пункттер ашылған. Тауардың әр келісіне 80 теңге алатын ақылы қызметке жүгіну міндеттелген. Модернизацияға 800 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалыпты.

Автобустарға бес келіден аспайтын қол жүгі болады, қалған 26 келі жүк қабылдау пунктіне тапсыруға міндетті. Орталықтың концепциясы бойынша, біз бұл аумақты ең басты бағытымыз туристік бағытты дамыту. Бұл жеке тұлғаларға жеке пайдалануына бір айда 31 келіден аспайтын, яғни мың еуродан аспайтын тауарларды Қазақстанға кіргізуге рұқсат етіледі,

дейді «Қорғас» ШЫХО» АЭА БК» АҚ департамент басшысы Әсет Байғараев.

Егер айына алған затыңыздың салмағы осы межеден асып кетсе тауардың әр келісіне 4 еуродан төлеу қажет. «Қорғастағы» жаңа тәртіп саудамен нәпақасын тауып жүрген кәсіпкерлердің көңілінен шыққан жоқ. Қазір Қытайдан тауар алып-сату мүлдем тиімсіз. Себебі, орталыққа барып-қайтудың өзі қып-қызыл шығын дейді олар.

Шығын өте көп. Кіргеннен бастап тұраққа 500 теңге деп жатыр. Ол үш сағатқа ғана. Үш сағаттан ары қарай тағы баға қосылады. Үш мың теңге билет. Ол билет құны біз 15 км кіріп қайтадан барғанға. Ал алған затымызды тасуға 80 теңгеден аламыз деп отыр. Одан да Алматыдағы барахолкадан алған пайдалы,

дейді кәсіпкер Кәмшат Жақыбаева.

Әр қазақстандық туристті қытайлық полиция арнайы рентген аппараты арқылы тексереді. Ең қызығы, көрші елдің азаматтары біздің аумаққа еш кедергісіз өтеді екен. Оған қоса, қытайлықтарға айына емес, күніне 500 мың теңгеден астам тауарды баж сылығынсыз алуға болады.

Қытай азаматтары күніне 8 мың юань тұратын тауар алуға мүмкіндігі бар. Ал бізге төлемсіз айына 31 келі алуға рұқсат. Әділетсіз ғой. Жалпы, «Қорғаста» тек қытайлықтар ғана ұтады. Өйткені біз оларға инвестиция қалдырамыз. Ал біздің аумақта санаулы сауда үйінен басқа қытайлықтарды қызықтыратын ештеңе жоқ,

дейді кәсіпкер Ақмарал Иманжанова.

Ал қытайлық кәсіпкерлердің көңілі көтеріңкі. Олар пандемияда сатылмай, қоймада шаң басқан тауардың сан түрін шығарып, арзан бағаға өткізіп жатыр.

Қазір бұрынғы бағамен сатып жатырмыз. Себебі, жаңа тауарларға тапсырыс берген жоқпыз. Мұнда үш жыл бұрын сатылмай қалған заттар әлі тұр. Оны арзан бағада алып кете аласыз,

дейді қытайлық кәсіпкер Людмила.

Халықаралық сауда орталығының басшылығы «Қорғастың» Қазақстан аумағында аяқсыз қалған құрылыс көп екенін мәлімдеді. Алдағы уақытта бой көтеретін сауда үйлерінде тек отандық өнімдер сатылмақ. Сондай-ақ ішкі туризмді дамыту бағытында жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Анара Бауыржанқызы 26.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
  • Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
  • Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
  • Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
  • Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Қоғам

Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады

26.09.2023
Қоғам

Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

25.09.2023
Қоғам

Қазақстанда ақбөкен саны 1,9 миллионға жетті

25.09.2023
Қоғам

Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді

24.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?