«Мұсылман болып, төрт әйелмен тұрсаң осы», деп қынжылып жүр Қазақстандағы «қызық персонаждардың» бірі Мұрат Телібеков. «Қазақстан мұсылмандары одағы» дейтін тіркелмеген ұйымның басшысы боп жүрген адамның сөзі осы.
Өткенде Телібековтің тар үйінде төбелес болып, дау шыққан. Сөйтсек, қиғылықты салған ең жас, төртінші әйелі екен. Оның ұлты орыс екен, ал мұсылманның дәстүрі орыс адамына жүрмейтін көрінеді.
Үлкен үш қатыным жас әйелімнің мінезі мен «каприздеріне» шыдай-шыдай, ақыры төзімдері таусылды. Жас әйелімнің үй жинамай, ыдыс жумай жүргені аздай, ол менің қойныма кезексіз кіріп жүр екен. Неке төсегінің тәртібін бұзған. Сол үшін үш әйелім жабылып, кіші әйелді ұрып тастады.
Скандал содан шыққан еді. Полиция келді, у-шу болдық. Кіші әйелім өзінен жолы үлкен бәйбішелерден таяқ жегенін мойындаудан намыстанып, «мені күйеуім ұрды» деп жалған айтқан,
деп ақталады Телібеков.
Даудан кейін отағасы кіші әйеліне «төсегіме бір ай бойы жоламайсың» деген жаза тағайындапты.
Телібековтің не құдіреті барын білмедік, бір ай мерзімге шыдамайтынын түсінген әлгі әйелі енді кешірім сұрап, «жазасын» жеңілдетуді сұраған екен.
Өз айыбын мойындап, кешірім сұрағанын ескеріп, мен секс-мораторий мерзімін 15 күнге дейін қысқарттым,
дейді Телібеков.