30 қаңтар Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте жарылыс болды, салдарынан 150 адам жарақат алды, 59 адам қаза тапты. Бұл туралы BBC қызметі хабарлады.
Басылымның мәліметінше, жарылыс намаз уақытында болған. Ғимараттың бір бөлігі құлап, құлшылық етушінің көбі үйіндінің астында қалып қалған.
Жарылыстың себебі анықталып жатыр. Алайда биліктің мәлімдеуінше, намаз кезінде мешітте полиция қызметкері көп болған, сол себепті теракт қасақана ұйымдастырылуы мүмкін.
Арнайы қызмет өкілдерінің сөзінше, дұға етушілердің алдыңғы қатарында өзін-өзі өлтірген адам болған. Әзірге бірде-бір топ бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылысты ұйымдастырушыларды Исламға ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, оларды айыптады.
Бүкіл халық терроризм қаупіне қарсы,
деді ол.
Пәкістанда төтенші жағдай режимі енгізілді. Қазір жарылыс орнында құтқарушылар аман қалғандар мен қаза тапқандарды іздеу операциясын жүргізіп жатыр.