TikTok қожайыны болып табылатын «ByteDance» компаниясы 2022 жылы рекордтық табыс алды. Және тарихта алғаш рет Қытай мен әлемнің технологиялық алпауыттары Tencent пен Alibaba-ны артта қалдырды. Financial Times есебі бойынша, ТикТоктың EBITDA (салық пен амортизацияға дейінгі кірісі) көрсеткіші шамамен 25 миллиард долларды құраған. Экономист Айбар Олжаевтың айтуынша, ТикТок бір жылда біздің Ұлттық қордың жартысын тапты. Біздегі табысты компаниялар қатарындағы ҚазМұнайГаздың ебитдасынан 5 есе көп кіріс түсірген.
Қытайдағы корпоративті салықтың 25% ставкамен жүретінін ескерсек, ТикТок Қытай бюджетіне 6,2 миллиард доллар алып келеді. Мысалы, Қазақстан ол ақшаға бір жылдық бюджет дефицитін жауып, проблемаларын шешіп алар еді.
Негізі, ByteDance ортақ выручкасы — 85 миллиард доллар. Оның 15 миллиардын өзіміз күнде көріп жүрген ТикТок алып келсе, 70 миллиардын ТикТоктың ішкі Қытайдағы версиясы — Douyin тапты.