23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында қысқа бейнероликтер жасау мен қарауға арналған жетекші TikTok платформасы қазақстандықтарды кітап оқуға, оқыған кітаптар туралы ұсыныстарымен бөлісіп, жаңа әдеби шығармаларды табуға құлшындыратын #кiтапток жобасын іске қосып жатыр. Бұл бастама #BookTok жаһандық құбылысынан шабыт алады.
#Кiтапток Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Сондай-ақ бұл бастаманы кітапханалар мен TikTok танымал креаторлары қолдайды.
#BookTok бүкіл әлемде кітапқұмарлардың басын қосатын нағыз мәдени құбылыс дейтін болсақ: TikTok-тың осы хэштегіндегі бейнебаяндар 123 миллиардтан астам қаралым жинап үлгерген. Бейнероликтерде әр елдің қолданушылары оқыған кітаптары туралы өзі ұсыныстарымен, әсерлерімен бөліседі. #BookTok қазірдің өзінде кітап индустриясына ықпал ете отырып, жазушылардың танымалдыққа қол жеткізуіне, ал кітаптардың – бестселлерлер қатарына қосылуына мүмкіндік береді. Ал адамдар да уақыт өткен сайын TikTok шолуларына негізделген кітаптарды таңдай бастаса, #книжныерекомендации хэштегіндегі бейнероликтер қазірдің өзінде 2 миллиардтан астам қаралым жинап отыр.
Сондықтан Қазақстандағы жаһандық кітап оқу үрдісін қолдау мақсатында TikTok ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірге өз платформасында #кiтапток науқанын бастайды.
Қазірдің өзінде әдеби жобаға Қазақстанның кітапханалары мен авторлары қатыса бастады. Бастама аясында қазақстандықтар #кiтапток хэштегімен әдебиет тақырыбы мен кітап оқуға арналған бейнероликтер түсіріп, орналастыруға шақырылып отыр: кітап оқуға ұсыныстар, кітаптарға шолулар, қаптамадан шығару, сүйікті шығармалардан үзінділер, әдебиет пен оқуға байланысты қызықты оқиғалар, тіпті өз қолыңызбен кітап сөресін жасау немесе кітап қоюға арналған алаң құру.