Атың шықпаса жер өрте.
Қазір жасың да, кәрің де әлеуметтік желіге байланып қалған. Контент түсіру үшін ерсіз қылықтарға да, қылмысқа да баратын болды. 13 қыркүйек күні төрт жас тиктокер де аттарын шығару үшін ерсіз қылыққа барған. Алдымен олардың «Анвар» гипермаркетінің жабылуын күтіп тұрған видеолары пайда болды. Артынан гипермаркетке түнеп, түні бойы білгендерін істеген.
Жігіттер сусындар мен тамақтарын ішіп, арбаларға мініп, сөрелерді ақтарған. Ал қазір құқық бұзушыларды жеке күзет фирмасының ГБР қызметкерлері ұстап алып, мән-жайларды анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 434-бабы “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешім қабылдағанға дейін уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды.