Былтыр «Жыл адамы» болып Украина басшысы Владимир Зеленский танылған.
Америкалық Time журналы «Жыл адамы» тізімін жариялады, деп хабарлайды Мasa.media.
Шорт-листке Ресей президенті Владимир Путин, Қытай басшысы Си Цзиньпин, Ұлыбритания королі Карл ІІІ, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты айыптаған прокурорлар, әнші Тейлор Свифт, OpenAI компаниясының басшысы Сэм Альтман, Барби қуыршағы, АҚШ Федералдық резерв жүйесінің басшысы Джером Пауэлл және Голливуд әртістері мен сценаристері енген.
Былтыр Time журналының тұжырымы бойынша Украина президенті Владимир Зеленский «Жыл адамы» болып танылған.