АҚШ Ресей мен Қытайдың жағдайын қиындатуға ұмтылып отыр. Әлемдегі экономикалық кризис пен террористік ұйымдармен көршілес болу Орталық Азияға айтарлықтай қауіп төндірді. Сарапшылардың пікірінше ауыр сілкіністің ауылы алыс емес. Жергілікті элита өз позицияларын қалай нығайтады? Бұл туралы РИА Новости жазды.
Тамыры тереңде…
Орталық Азия елдерінің басшылары Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында төртінші консультативтік кездесуде бас қосты. Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыстан достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тәжікстан мен Түркіменстан басшылары құжаттар ішкі тексерістерден өткен соң қосыламыз деп уәде берді. Қырғыстанның президенті Сапар Жапарав бұл өңірдің өркендеуіне негіз болатын тарихи сәт екенін атап өтті.
Мұндай кездесулердің алғашқысы 2018 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған. Кейінгі жылы ел басшылары Өзбекстанда, 2021 жылы Түркіменстанда бас қосты. Бесінші саммит Тәжікстанда өтпек. Осындай форматтағы кездесулерді ұсынған Өзбекстан президенті — Шавкат Мирзиеев. Ол «Орталық Азияның өсуі мен өркендеуі біздің бірлігімізде» деп жиі қайталап отырады.
Саммитте сөз сөйлеген Мирзиеев әлемдегі өзгерістердің қалай аяқталатынын болжау қиын екенін атап өтті. Жеткізу тізбегінің үзілгені өңірлердің экономикасын әлсіретіп қоймағаны рас. Оның пікірінше, ортақ ережелері мен жеңілдетілген рәсімдері бар шекаралық сауда аймақтарын құрып, өндірістік кооперацияны дамыту қажет. Сонымен қатар, Өзбекстан басшысы Үндістан, Пәкістан және Қытай нарығына шығу үшін көлік дәліздерін бірлесіп құрып, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуді қалап отыр.
Мирзиеевті бәрі қолдады. Өз кезегінде Тоқаев Орталық Азия әрқашан Батыс пен Шығысты байланыстыратын көпір екенін ескертті. Осы арқылы табыс табуға болады, ол үшін өңірлер өзара тату болуы керек. Ел басшылары шекаралық дауларды реттеп, сыртқы саясат пен қауіпсіздік кеңестері арасында тығыз ынтымақтастық орнатуға келісті. Мақсаттары – ортақ көпір құру.
Жуастан жуан шығады
Әлемдік аренада орын алып жатқан оқиғалар аясында Орталық Азия қауіпсіз мекен болып көрінуі мүмкін. Алайда бәрі ойлағаннан басқа…
«Қасіретті қаңтар». Жыл басында Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Билік шерулерді ұйымдастырушылардың арасында шетелдіктердің де бар екенін айтты. Ұқсас шерулер шілде айында Өзбекстанның шығысында орналасқан Қарақалпақстанда жалғасын тапты. Ташкент бұл жерде де шетелдіктердің араласуы болғанын хабарлады. Ал бірнеше адам тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстардың құбаны болды. Жылдың басынан бері таулы Бадахшанда наразылықтар толқыны әлі де толастар емес.
Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Тоқаев халықтардың өзін-өзі билеу құқығын сынға алған еді. Негізінде сұрақ ҚХДР мен ЛХДР жайлы болған, алайда президент оған өз елінің шындығына сүйене отырып жауап берді. Орталық Азияда бірде-бір моноэтникалық мемлекет жоқ. Өзбектер, қырғыздар, тәжіктер, түрікмендер мен қазақтар барлығы бірге өмір сүруге үйренген, егер олар кенеттен тәуелсіздікке ұмтылса, оның салдары қорқынышты болуы мүмкін.
Бұл да соңы емес. Бұрынғы Кеңес Одағы республикалары Ауғанстанмен шектеседі. Ол жерде 2021 жылдың тамызынан бастап «Талибан» билікке келген. Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов «Ислам мемлекеті» содырларының саны бір жыл ішінде екі мыңнан алты мың адамға дейін өскенін айтты. Есірткі саудасы да белең алып келеді. Ал апиын өсіру 5-6 млн халқы бар мемлекет үшін ең маңызды табыс көзіне айналған.
Уақыт жоқ
ТМД елдері институтының Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі Андрей Грозинның ойынша, аймаққа соңғы он жыл ішінде қауіп төніп тұр.
Қазіргі Шығыс Еуропада болып жатқан оқиғалар Орталық Азияға келе жатқан апаттың бірі ғана… Мемлекеттер көлеңкеде қалып барады. Батыстың тек бір қызығушылығы бар, ол – Ресей мен Қытайға іріткі салу. Оны өзіміз де көрдік. «Қасіретті қаңтар», Таулы Бадахшан, Қарақалпақстан… Бұл кездейсоқтық емес. Бұрын соңды мұндайды көрген емеспіз
Сарапшының ойынша Орталық Азияны сілкіндіру, Украинаға қарағанда әлдеқайда оңай. Нәтижесінде бірнеше жылдан кейін өңірде бес емес, одан да көп мемлекет құрылуы мүмкін. Бірақ олардың барлығы халықаралық деңгейге жетпейді. Бұл ретте қауіптің иісін сезген Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан басшылары тез арада өзара келісімді нығайтуға кірісті.
Ішкі проблемалар аймақтағы қақтығыстарды ушықтыруы мүмкін дейді Қырғыз саясаттанушысы Денис Бердаков. Экономикалық дағдарыс өршіді. Электр энергиясы, азық-түлік, отын, су тапшылығы тереңдеп барады.
Өңірге ынтымақтастық туралы келісім ауадай қажет. Өйткені ресурстардың тапшылығы – қақтығысқа әкелуі мүмкін. Оны бөлісіп үйрену қажет. Сонда ғана тірі қалуға болады
Грозин тағы да бір нәрсені ескертті. Орталық Азия республикаларының билігі әлемнің «швед үстелі» емес екенін түсінуі қажет. Кез келген мемлекетпен дос болатын уақыт өтті. Ресейден қашпай, бірлесе қиын кездерден өту керек. Көпвекторлы саясат барған сайын қауіпті болып барады.
Орталық Азияның бірігуі әзірге сөз жүзінде ғана қалып отыр. Әрбір ел өзіне қолайлы тұстарын іліп алуға тырысып жатқанда, ортақ шешімге келу қиындап барады. Сарапшылар Орталық Азия елдерінің басшыларына өздерін қорғап қалу үшін тезірек әрекет етуге кеңес береді.