Фото: ашық дереккөзден
АҚШ-тың жағалау күзеті мұхит түбіндегі «Титаникті» тамашалауға шыққан туристер қаза тапты деп мәлімдеді. «Титан» сүңгуірі тиесілі компания мерт болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Іздестіру тобы Атлант мұхитында 18 маусымда жоғалып кеткен «Титанның» кейбір бөлшектерін тауып алды. Борттағы туристер тірі қалған жағдайда 96 сағатқа жететін оттегі бар еді. Кеше, яғни бейсенбіде ол таусылды. Кеше жағалау күзеті су астында белгісіз дүмпу болғанын тіркеген. Қазір оның анық-қанығы тексеріліп жатыр. АҚШ, Канада, Францияның құтқарушылары өткен жексенбіде жоғалып кеткен «Титанды» 30 мың шаршы шақырым аумақта іздеді.
Бір адамға 250 мың доллар тұратын туристік сапар осылайша, қайғылы аяқталды. Сүңгуір бортында британдық миллиардер, 19 жастағы ұлымен бірге пәкістандық кәсіпкер, француз зерттеуші және OceanGate-тің негізін қалаушы болған.
Қараңыз, Сіз 5 жастағы балаға шарды тес дейсіз, ол секундқа жетпей жарылады. Мұхиттың астында да осыған ұқсас жағдай болды. Бір секундта жоқ болды. Дәл сондай жарылыс, бірақ қатты қысыммен ішіне қарай жарылды. Мүмкін, 4 күн бойы қиналғанша осылай болғаны дұрыс та шығар. Менің ойымша, ешкім не болғанын түсінбей де қалды,
дейді теңіз технологиясы сүңгуір көліктер комитетінің төрағасы Уилл Конен.
Айта кетейік, бұған дейін Атлант мұхитының түбіне түскен миллионердің жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…