Ұлттық банктің мәліметінше, сыртқы валюта нарығында 2022 жылғы 11-18 қараша күндері бірқатар маңызды оқиға болды. 15-16 қарашада Индонезияда G-20 мемлекеттері басшыларының он жетінші кездесуі өтті.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, 18 қарашада теңгенің нарықтық бағамы қаралып отырған кезеңде 0,6%-ға (462,01 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 459,04 теңге деңгейінде қалыптасты.
Дамушы елдердегі валюталар бағамының АҚШ долларына қатысты динамикасы төмендегідей қалыптасты:
Индонезия рупиясы Индонезия банкінің инфляцияны 5,9% деңгейде күту туралы мәлімдемесі аясында 1,2%-ға (15 495-тен 15 684-ке дейін) әлсіреді;
Үнді рупиясы АҚШ ФРЖ-ның монетарлық саясатты одан әрі күшейтуін күту аясында 1,1%-ға (80,81-ден 81,69-ға дейін) әлсіреді;
Бразилия реалы трейдерлердің Бразилиядағы салық-бюджет саясатын жеңілдету перспективасына алаңдаушылығы аясында 0,9% — ға (5,33-тен 5,38-ге дейін) әлсіреді.
Түрік лирасы АҚШ ФРЖ-ның монетарлық саясатты одан әрі күшейтуін күту аясында 0,2%-ға (18,58-ден 18,62-ге дейін) әлсіреді;
Оңтүстік Африка ранды 0,1%-ға (17,24-тен 17,26-ға) дейін біршама әлсіреді;
Ресей рублі экспорттаушыларды салықтық төлемдерге дайындау аясында 0,2%-ға (60,54-тен 60,40-қа дейін) нығайды. РФ Қаржымині 16 қарашада аукциондарда рекордтық 823 миллиард рубльге облигацияларды орналастырды, бұл мемлекеттік облигацияларға сұраныстың өсіп келе жатқанын көрсетеді;
Мексика песосы Мексика Орталық банкінің ел экономикасының жақсару белгілері пайда болған жағдайда АҚШ ФРЖ-мен қатар мөлшерлемелерді көтеру моделінен бас тарту мүмкіндігін қарау туралы хабары аясында 0,3%-ға (19,50-ден 19,44-ке дейін) нығайды.