The Verge басылымының хабарлауынша, телеарналарда өткізіп жібере алмайтын 30 секундтық жарнамалар пайда болады.
YouTube компаниясының мәліметіне сай, енді 15 секундтық екі жарнаманың орнын 30 секунд көрсетілетін бір жаранама басады. Алайда, бұл қысқа жарнамалар осымен жоғалып кетеді деген сөз емес.
Жарнама берушілер YouTube Select арқылы өз жарнамаларын орналастыра алады. Олар қызметтің ең танымал платформасының 5% қамтитын болады.
Статистикаға сәйкес, YouTube Select көрсетілімдерінің 70 пайызы теледидардан тұрады. Ал ұзақ жарнамалар үшін «телевидение» ең жақсы платформа.
Сондай-ақ, YouTube фильмдер мен видеожазбаларды «пауза» арқылы тоқтатқан кезде де жарнамаларды көрсетуді қолға алмақ. Қазір тест жүзінде тексеріп жатыр.