Бұл туралы Ақорда жазды.
Форум 30-дан астам елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы болмақ.
Сонымен қатар жиында волонтерлікті дамыту және халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 20 маусымнан бері өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына әлемнің 140-тан астам ерікті, сондай-ақ 50-ге жуық шетелдік спикер қатысып жатыр.
Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлердің саны 3 есеге көбейген. 2019 жылы волонтерлық ұйымдардың саны 50-ден асқан болса, қазіргі таңда бұндай ұйымдардың саны 682-ге жетті.