Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының атауын өзгерту туралы жоба дайындалды.
Ашық НҚА порталында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлыққа өзгерістер енгізу туралы Жарлығының жобасы жарияланды.
Сондай-ақ, айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәдениет саласында жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендия тағайындау ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын қажеттілігіне қарай жаңартылып отыратын, оларды алуға ұсынылатын адамдардың дербес құрамын бекітуге ұсыну тапсырылды.