Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапары кезінде қалада туризмді дамыту мәселесі туралы айтты.
Жалпы, Атырау мұнай мен газға ғана үміт артпай, туризм секілді болашағы зор салаларды дамытуы қажет. Ең бастысы, бастамаларды батыл қолға алу керек. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін Үкімет пен әкімдік жолдарды жөндеп, туристік нысандардың инженерлік коммуникациясын ретке келтіруге тиіс. Атырау облысын дамыту туралы менің пайымдарым – осындай. Бірқатар нақты тапсырма берілді. Оның бәрін мұқият ойластырып, уақытылы және сапалы орындау қажет. Жұмыс барысы менің тікелей бақылауымда болады, себебі бұл – облыс халқына өте қажет жұмыс. Оны соңына дейін атқарып шығуымыз керек,
деді президент.