Іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр.
Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады,
делінген хабарламада.
Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.