Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Отырыста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кіріспе сөз сөйледі.
Президент мемлекет басшыларына Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдағанына алғыс білдірді.
Қонақжай Қазақстан жеріне қош келдіңіздер. Ең әуелі, Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын,
деді Қасым-Жомарт тоқаев.
Мемлекет басшысы Түркіменстан президентінің шараға алғаш рет қатысып отырғанын айтып өтті.
Бүгін Кеңес мүшесі ретінде Түркіменстан президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов отырысқа алғаш рет қатысып отыр. Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін,
деді президент.
Бұл шарада гуманитарлық серіктестікке, қауіпсіздікке және ынтымақтастықтың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер мемлекеттер басшылары кеңесінің қарауына ұсынылғаны айтылды.