ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы Бағдат Жұбаныш жекпе-жекке Тоқаевтың суреті бар жейдемен шықты.
Жерлесіміз рингке ерекше стильмен шықты. Оның ерекшелігі үстіндегі футболкасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті бейнеленген.
Ол Қырғызстан өкілімен рингте кездесіп, қарсыласын қуалап жүріп сабап, ақыры қылқындыру әдісін қолданып жеңіске жетті. Оның қарсыласы қырғызстандық Нематулла Исамидинұлы болды.
Айта кетейік, Бағдат Жұбаныш Қазақстанның әуесқой ММА-да танымал спортшысы, үш дүркін әлем чемпионы.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары үшін Бағдаттың төбелесі емес, шығар кезде киген киімі қызығырақ болды.
Енді бұл да депутат болып кететін шығар,
Мынадай киім киіп, жеңіліп қалуға болмайтын шығар,
Тоқаевтың сайлауда жеңілмегені Бағдатқа да сенім бергендей,
деп жазды желі қолданушылары.