Әлеуметтік желіде Арайлым Мамырбекованың Тоқтар Серік әнімді ұрлап алды деп айыптаған посты шықты.
Светқали Айт-ман Нұржан аға сөзін жазған «Баба дала баяны» дейтін әні 2022 жылы жарық көріпті. Бірақ осы жақында Тоқтар Серік өз концертінде тура сол әуенді ойнақыландырып орындағанын желіден көріп қалып, әншіге хабарласады. Тоқтар Серіктің өзімен байланыса алмай, продюсеріне қоңырау шалады сөйтіп.
Екі жақ біраз сөзге келіп, Тоқтар Серіктің продюсері бұл әнді өздерінікі деп бет бақтырмапты.
Арайлым Мамырбекованың өзі бұл әннің авторы екенін дәлелдейтін құжаты, авторлық құқығы бар екенін айтады.
Көңілге алаң кірді. Қаншама адам хабарласып әуенің ұрланыпты деп жатыр. Екі адам бірдей ән шығаруы мүмкін бе. Ұқсаса 2 не 3 такт ұқсар, бірақ 8 такт қалай ұқсайды? Өлеңін жазған ақын ағамыздан ұят болды ау!
Ұят болды, көрінеу зорлық болды бұл! Көзіміз тірі тұрғанда бүйтіп талауға сала берсе не болдық?! Арайлым, екеуі бір ән деп Айтман Нұржан да пікір қалдырыпты. Қолымда құжатым бар, ән менікі! 2022 жылы шыққан! Маған 1-2 ауыз сөзін қимағанына қапаланып отырмын. Өнерін қатты бағалап, сыртынан тілектес болып жүруші едім Тоқтар Серіктің. Авторлық хұқығымды, сөзін де жөнімен сақтап, рұқсат сұрағанында қуана берер едім ғой әнімді!
— деп жазыпты Арайлым Мамырбекова.
https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=2491453831038012&id=100005202575976