Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?
01.12.2023
Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?
01.12.2023
70 жастағы әжей егіз бала тапты
01.12.2023
Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды
01.12.2023
«Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген
01.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Тойға, қалыңмалға несие беруді тоқтату керек
Қоғам

Тойға, қалыңмалға несие беруді тоқтату керек

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 07.11.2023
Обновлено 07.11.2023 в 02:11
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Халықтың 84% банкке қарыз.

Осылай сүйінші сұраған Мәжіліс төрағасы Ерлан  Қошанов мырза мойнына банк қарызы ілінген жұрттың проблемасын тереңірек зерттеп,  кейбір тұрғындардың белгісіз, беймәлім адамдардың кесірінен банкке борышкер болып жүргенін ескеріп, осындай қылмысты тергеудің сапасын жақсартудың тетіктеріне бас қатырып, қолға алса екен.

Үш телефоныма көрермендер, оқырмандардан несиеге қатысты жазылға шағым көп, деп жазды журналист Жазира Бегалы.

Несие алушыларды бірнеше топқа бөлуге болады.

1.Несие алуға мәжбүр топ:

  • Баспана алу үшін
  • Көлік алу үшін
  • Кәсіп ашу үшін.
  • Емделу мақсатында

2. Алаяқтарға алданып қалған топ.

Соңғы уақытта өзінің несиеге қарыз екенін кеш біліп, полиция,  БАҚ өкілдерінен көмек сұрап шырылдап жүрген халықтың нақты саны белгісіз. 

«Біреу менің атымнан онлайн несие рәсімдепті» деп басын тауға да, тасқа да ұрып жүргендер  полицияға өтініш жазады. Оларды тәртіп сақшылары сотқа жібереді. Соттағы судьялар да басын  шайқайды. Амалы таусылған жұрт журналистерге жүгінеді. Бірақ сот немесе полиция тергеп,  күдікті деп алаяқты анықтамаса, біреуді қылмыскер, ақшасын алып, алдап кетті деп жар салуға тілшінің құқығы жоқ. Осылай шарасыз жұрт айдалада отырып несие рәсімдеген бөтеннің қарызын төлеуге мәжбүр. Өйткені шыр айналып сенделгеннен басқа мәселе шешілмейді.

Осындай қылмыстық дау—дамай туындағанда банк тек қарызды төлеуді талап етеді. Өйткені онлайн рәсімдеу кезінде банк өкілі процеске қатыспайды.

Әзірге 8,5 млн борышкердің қаншасы әлгіндей алаяқтардың арбауына түскен жәбірленушілер екенін ешкім білмейді. Дегенмен кибералаяқтарға қарсы тергеу ісі әлсіз бе, ол жағы маған беймәлім.

3. Бұлар ойынқұмарлар.

Лудомания психикалық ауру деп медицина қауымы емделуге кеңес береді. Бірақ ойынға ақша тігіп,  онлайн алаңында қалтасына қарамай көкпар шапқан жастың да, кәрінің де туысы кеселін жасыруға тырысады.

Күндердің бір күні  ақылы толып,  сол әдетін өзі бір күнде тастап кетеді деп үміттенеді. Солай ата—анасы, отбасы ойынқұмардың дерті асқынып кетеді деп ойламайды.  Ағайын—туыс, әріптестері,  банктерден қарыз алып,  ол құрдымға сүңгіп бара жатқанда байбалам салады.

Әлемде әр 8—ші  адам лудоман екен. Сондықтан бұл ойынқұмарлықтан құтылу үшін кәсіби мамандардың көмегіне ертерек жүгінген абзал. Соңғы кезде онлайн ойын ұйымдыстырушылар телефонға маза бермейді. 200—500 мың бонус бар деп жарнамалап  жатыр. Қаптаған жарнамаларға тыйым жоқ.

4. Бұл топ тамақ, киім алу үшін несие алғандар.

Олардың кейбірі тұрақты жұмыс істемейді. Кейбірі жәрдемақымен өмір сүреді. Өте сенгіш, әдемі киініп, тойып тамақ жеуге құқым бар деп несие құрығына байланғандар. Нақтырақ ойымды тарқатып айтсам, оны екі—үш есе пайызбен төлейтінін кеш білген жандар. Мен олардың логикасын  бастапқыда түсінбейтін едім.  Қазір олардың мұңын тыңдап,  қаржылай сауаттылықтың  болмауынан ұрынып  қалғанына көзім жетті. Ең қызығы олар өздері банкке бармайды. Қорқады.  Несие рәсімдеуге біреулер көмектеседі. Мысалы, ол 500 мың теңге қарыз алған болса, соның 250 мың теңгесін әлгі банк пен несие алушы арасында делдал болған адам қалтасына басады. Мұндай жандар көбінесе өзінің банкке барып, өзінің  рәсімдей алатынын білмейді. Мұндай топпен ешкім жұмыс істемейді.

1,5 жылдың ішінде қарыз алушылардың саны 27 пайызға өсіп, жұрттың берешегі 18 трлн теңгеге жетіпті. 1 млн 700 мыңнан аса тұрғын несиесін уақытында төлей алмайды.

Мына цифрларға қарап, шошыдым. Мәселенің салдарын зерттеу қажет. Онлайн алаяқтар қанша адамды сан соқтырып  кетті? Олар кімдер, полиция неге жұмыс істемейді? Сұрақ көп. Борышкерлерге кінә артып қою артық сияқты. Несие кірген адам шыға алмайтын алып апанға айналмауы керек.

Өз ойым. Халықтың қаржылық сауатын арттырып, банктердің пайызын төмендету мәселесін қарау керек. Тойға, қалың малға несие беруді тоқтату  керек. Алдандық деп көмек сұраған адамдарға не айтарымды білмеймін,

дейді журналист.
ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 07.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?
  • Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?
  • 70 жастағы әжей егіз бала тапты
  • Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды
  • «Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?

01.12.2023
Қоғам

Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?

01.12.2023
Экономика

Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды

01.12.2023
Қоғам

«Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген

01.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?