Ақтауда жаңбырдан бірнеше көшені су басты. Жауын-шашынның салдарын жою жұмысын «Қала жолдары» МКК жүргізіп жатыр. Бұл туралы «Лада» хабарлады.
Көшелердегі суды тарту үшін 60 адамнан тұратын мобильді бригадамен 17 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге суды сору жұмысына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ТЖД өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
28 қазанда таңғы жетіге дейін 317 текше метр су шығарылды. Бұл бағыттағы жұмыс «Қала жолдары» МКҚК қызметкерлерінің күшімен жалғасып жатыр
деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бір күн бұрын Қазгидромет 28 қазанда желдің күшеюі күтілетінін хабарлады. Ақтауда жаңбыр жауатыны туралы ескерту болған жоқ.