Фото: Depositphotos
Тауар Ресейден заңсыз шығарылмақшы болған. Оны ұн және тыңайтқыш деп жасырған.
Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасы қызметкерлері ұн мен тыңайтқыш деп жасырылған 60 тоннадан астам қанттың заңсыз экспортының жолын кесті. 2022 жылғы 6 шілдеде «Русско-Полянский» ФМК-да ақ қызылшаның кристалды қант партиясын (29,9 тонна) экспорттау тоқтатылды. Қант партиясы құжат бойынша минералды тыңайтқыш (карбамид) ретінде шығарылып, сондай жазуы бар ақ полипропилен пакеттерге салынған.
Автомобильдің жүк бөлігін қарап шыққанда еденге қант төгілгені анықталды және қапта қант бар екенін көрсететін таңбалау жапсырмасы табылды. Басқа қаптарды таңдап отырып ішін тексергенде олардың ішінде қант бар екені расталды. Экспортталып жатқан партияның құжаттары болған жоқ. Партия Омск кеденінде ұсталды, қазір тергеу жүріп жатыр,
деп хабарлады Россельхознадзор баспасөз қызметі.
Оған қоса, «Исилькуль» автомобиль және теміржол өткізу бекеттерінде 34 тоннаға жуық қант экспорты тоқтатылды. Тағы бір жағдайда өнім ұнның құжаттарымен, соған сай қаптарға салынып шығарылмақшы болды. Жалпы салмағы 590 келі болатын қалған шағын партияларды адамдар қала маңындағы электр пойызымен тасыған.
Еске салайық, Ресей 2022 жылғы 15 наурыз бен 31 тамыз аралығында қант пен шикі құрақ қантты елден шығаруға тыйым салған еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…