Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді
29.09.2023
Ринат Зайытов депутаттық қызметінен айырылуы мүмкін
29.09.2023
Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен
29.09.2023
Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр
29.09.2023
Қытай экспорты мен Қазақстан импортының алшақтығы 3,3 млрд доллар
29.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > TOP-7: Алматыда ғашықтар баратын ерекше орындар
Қоғам

TOP-7: Алматыда ғашықтар баратын ерекше орындар

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 24.08.2023
Обновлено 24.08.2023 в 09:08
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қалада жоғарғы оқу орындары да көп, содан да болар, бұл қалаға жастар да үйірсек. Bugin.kz оқырманға оңтүстік астанада ғашықтар баруға болатын жеті орынды ұсынады.

1. «Каменское үстірті» обсерваториясы

Ғашықтардың must have тізіміне жұлдыз тамашалауды енгізсе болады. Жұлдыз бен айды жақыннан көру – нағыз романтика. Олай болса, 1947 жылы салынған астрофизикалық обсерваторияда кездесу ұйымдастырыңыз. Мұнда ең жарық жұлдыздың бірі әл-Тайырды, Айды және ең сұлу планета Сатурнды көруге болады. Обсерваторияға есте қаларлық датада барып, ғашығыңызға ерекше сыйлық жасаңыз.

Мекенжайы:

Алматы қаласы, Обсерватория көшесі, 23

Байланыс нөмірі:

+7 (777) 145 05 24.

2. Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақ – оңаша қалып, үнсіз ұғынысуға, сұлу табиғаттан ләззат алуға арналған жер. Ол теңіз деңгейінен 900 метр биікте орналасқан. Онда экзотикалық өсімдіктің жүздеген сорты, мыңдаған ағаш өседі. Бақ флорамен танысып, әдемі аллеямен серуендеуге ғана арналмаған. Сүйіктіңізге ұсыныс жасап, love story түсіруге де таптырмас орын.

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 71А

Жұмыс уақыты: 9:00-22:00 (касса 21:00-ге дейін)

Байланыс нөмірі: 8 708 970 58 66

3. Hidepark Almaty

Алматыда ғашықтар серуендеп, аспан астында тегін фильм көре алатын парк бар. Hidepark-ке кіру де, кинотеатрынан фильм көру де тегін. Бұл – кешкі кешкі салқында қол ұстасып серуендеп, сосын пуфикке жайғасып, бірге сүйікті фильм тамашалауға таптырмас орын. Парктің Instagram-аккаунты әр аптада көрсетілетін фильмдерді жариялап отырады. Оған қоса, паркте түрлі жәрмеңке мен фестиваль өтіп тұрады.

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 176А, Жароков көшесінің қиылысы

Уақыты: Сейсенбі-жексенбі, 19:00-ден 00:00-ге дейін.

4. Жұлдызды алаңқай

Жұлдызды аспан астындағы кездесу есте қалатыны сөзсіз. Алайда қала ішінде жарықтан жұлдыз көріне қоймайды. Мұндайда Науаи көшесі біткен жердегі жұлдызды алаңқайға барған дұрыс. Жұрт ол жерді «Махаббат алаңқайы» деп те атайды. Ғашықтар онда жымыңдаған жұлдыздарды тамашалап, түнгі Алматыны алақандағыдай көру үшін барады. Астрономдардың болжамын біліп алып, жұлдыз ағатын түнді жоспарлап баруға да болады.

Мекенжайы: Ғаламат ықшам ауданы.

Кіру тегін.

5. Махаббат көпірі

Бұл – махаббатты «бекітетін» танымал орын. Көпір темірден жасалған гүлдермен әдемі безендірілген, құлыптарда оның иесі мен дата жазылған. Бұл салт ТМД елдеріне Еуропадан келген. Алдын ала есімдеріңіздің бас әрпі жазылған құлыпты алып, махаббат көпіріне бару керек. Сосын құлыпты құлыптап, кілтін суға лақтырса болғаны. Бұл дәстүр ғашықтардың есінде ұзақ сақталады. Бірнеше жылдан соң бірге көпірмен өтіп бара жатып, құлыпқа көзіңіз түсіп, бір жымиып, жүрек жылынары анық.

Мекенжайы: Ескі алаң, Төле би–Абылай хан–Бөгенбай батыр–Панфилов көшелерінің шаршысы.

Кіру тегін.

6. «Неделька» фонтаны

Бұл – Алматыдағы ерекше фонтан. Қанша жылдан бері қала тұрғындарының сүйікті орнына айналған. Қаланы салып жатқанда монументалды құрылыстар жанынан абаттандыру алаңдары, фонтандар қоса салынып отырған. Опера және балет театры жанындағы «Неделька» фонтаны да осылай пайда болды.  Бұл – табиғи биік айырмашылығына байланысты ағып жатқан судың каскадты ағыны. Ағынның үстінде жұқа доғалар тұр, онда апта күндері жазылған. Кешке қарай фонтанның шамдары жанып, романтикалық атмосфера сыйлайды.

Мекенжайы: Абай атындағы опера және балет театрының алды (Қабанбай батыр көшесі, 110)

7. Көкжайлаудағы әткеншек

Тауға шыққанды жақсы көретін жұпқа Көкжайлаудағы әткеншекті ұсынамыз. Көкжайлауға баратын жол таудағы ең жеңіл маршрут болып саналады. Онда дене дайындығы жақсы, тауға бірінші рет шығып тұрған адам да жете алады. Локацияға жеткеннен кейін ғашықтарға арналған әткеншекте отырып, әдемі фотосессия жасауға болады. Фондағы тау көрінісі фотоға тіпті әр беретіні анық.

Мекенжайы: Көкжайлау, Алматыдан 10 шақырым жерде

Сая Манарбековна 24.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді
  • Ринат Зайытов депутаттық қызметінен айырылуы мүмкін
  • Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен
  • Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр
  • Қытай экспорты мен Қазақстан импортының алшақтығы 3,3 млрд доллар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Қоғам

Елімізде алимент төлемеген борышкерлердің 7 млрд теңге қарызы бар

29.09.2023
Қоғам

Қытайлықтар Зайсан көлінен жаппай балық аулап жатыр

29.09.2023
Қоғам

Құмар ойынға тәуелді адамдар психикалық денсаулық орталықтарына есепке алынуы мүмкін

29.09.2023
МаңыздыҚоғам

Алматыға жарық жетпей жатыр – сарапшы

28.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?