Трамп өз сотына жеке ұшағымен келді

Бүгін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өзіне қатысты сот отырысына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына жеке ұшағымен келді.

Өткен аптада Манхэттен Үлкен қазылар алқасының мүшелері Трамптың қылмыстық іс бойынша ресми түрде айып тағылуын дауысқа салды. Трамптың өзі бұл жағдайды «саяси қудалау» деп атады. Ол осыған дейін де өзіне тағылып отырған айыптаулардың негізсіз екенін мәлімдеген еді.

Ал АҚШ президенті Джо Байден әзірше осы оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Трамп ел тарихында қылмыстық іс бойынша айып тағылған алғашқы экс-президент болып отыр.

Бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті 2024 жылы өтетін сайлауға қатысатынын мәлімдеп, былтыр қараша айында президент сайлауына түсуге ресми өтінішін берген болатын.

Қазір Трамптың сайлаудағы алғашқы бәсекелесі де белгілі болды. Ол – Оңтүстік Каролина штатының бұрынғы республикашыл губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған Никки Хейли. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago