ІІМ қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 қатысушысын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлады.
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті жедел әрекет барысында Бас прокуратураның көмегімен бір-бірімен күреске түскен екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті.
Олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұрылардың ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген,
делінген хабарламада.
Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысы аумағында ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен жүргізілген арнайы операция кезінде жедел қызметкерлер қылмыстық топтардың 11 қатысушысын, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған “киллерді” ұстады.
Олардың жүрген жері мен тұрғылықты мекенжайына 25 тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен көлемдегі ақша және аса ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді,
деп хабарлайды полиция.
Ұсталғандарға қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.