17 қазанда Анталияда армрестлингтен Әлем чемпионатында жеңімпаздарды марапаттау кезінде тартысты оқиға болды.
Жарыстың 50 келіге дейінгі санаты бойынша қазақстандық спортшы Диана Түкова ІІ-орын, Дана Асанова ІІІ-орын алды. Ал жүлделі І-орынды Түркия спортшысы Чаглаян Деря Джерен иеленді.
Жарыс жеңімпаздары белгілі болса да, спортшылар өз арасындағы сайысты тоқтатпаған. Бұл жолы олар мінберде өз елінің туын желбірету үшін таласты. Спортшылардың ту орнына таласқан видеосы әлеуметтік желіде лезде тарап үлгерді.