Жақсы өмірдің неге қадірін білмейді екен…
Кешегі интервьюді қарап, Салтанаттың бауырының қарындасын құтқара алмаған ішіндегі өкініші қатты әсер етті. Қамқор аға деген осындай-ақ болар.
Әрқашан демеу көрсету қыз баласына өте қажет. Мұндай қамқорлықтың өзінде қарындасын аман алып қала алмағаны ең қиыны.
Ал біздің қоғамда жақындарының қолдауынсыз да қаншама қыз баласы осындай жағдайлардан өмірден өтіп кетуде.
Қуандық Бишімбаев тым жақсы өмірінің қадіріне жете алмады. Мүмкін біздер байлық барда өмір сүру ережесі қалай өзгеретінін білмейтін шығармыз. Оның үстіне, мінез-құлық дейміз бе, білмеймін, іс-әрекетің де дұрыс болмаса жақсы өмірдің шырқын өзің бүлдіріп алады екенсің. Бұл тек Бишімбаевқа емес талай танымал, атағы, байлығы бар адамдардың өмірінде орын алып жатқан жағдайлардан түйгеніміз.
Өзі бір рет берілетін өмірді барынша жақсы сүруге тырысайық. Өкініші кетпейтін жағдайлардан аулақ болайық!
Мадина Сарбалаева