Демалыс күндерінен бері теміржол вокзалдарында ығы-жығы халық. Пойыз атаулы кешігуде. Сапырылысқан жолаушылар, діттеген жеріне жете алмай, жер болуда.
Негізі біздің елімізде пойыздың уақытылы келуі сирек кездесетін құбылыс.
Сондықтан бір-екі сағатқа кешіксе, жүйке жұқартпайтын жағдайға жеткенбіз.
Алайда ҚТЖ жолаушының тағдырына аса бас ауыртпайды. Пойыздар сарышұнақ аязда, құтырған боранда айдалада қалса да, жолаушыларға ыстық тамақ бермейді. Сарсаңға салады.
14 желтоқсанда жолға шығып, ертеңіне жетуі тиіс болған пойыз Астанаға 16 желтоқсанда бір-ақ жетті.
Таныстарым пойыздың кешігетіні жөнінде хабарламаны жарты сағат бұрын ғана алған. Жолаушылар ол кезде вокзалда болған. Сол пойыз әупірімдеп Астанаға бүгін жеткен. Отар, Шу стансаларында тоқтап тұрған.
деп жазды TengeLife арнасы.
«Жолаушылар тасымалы» жолаушы емес, отын тасып жатқандай әрекет етеді.
ҚТЖ қашан өркениетке қол жеткізеді?