Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығарылды.
Бұл туралвы Twitter-дегі UFC Roster Watch парақшасында хабарланды. Онда қазақстандық спортшының файтерлер тізімінен сызылғаны айтылған.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 24 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық Джошуа Ваннаға есе жіберген болатын. Бұл UFC-дегі оның алтыншы жеңілісі болды.