Financial Times газеті Украина президенті Владимир Зеленскийді «украин халқының ресейлік агрессияға қарсы күресіндегі батылдығы мен төзімділігі» үшін 2022 жылғы «Жыл адамы» деп атады.
Ол биыл Мәскеу әскерлері басып алған аумақтың жартысын қайтарып алды. Зеленскийдің күштері қазір Донбасс пен Қырымды қоса алғанда, бүкіл Украинаны азат ету мақсатымен, тіпті қыс таяп қалса да оңтүстік пен шығыста алға жылжып жатыр,
деп жазды басылым.
2021 жылы Financial Times басылымы «Жыл адамы» деп миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының жетекшісі Илон Маскті атаған.