Украинаның бірқатар аймақтарына зымыран соққысы жасалып, салдарынан бірнеше аудан жарықсыз отыр.
Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак зымыран шабуылдары азаматтық нысандарға бағытталғанын айтты. Оқиға орнынан келіп жатқан ақпаратқа қарағанда, Ресей әскері тағы да Украинаның энергетика нысандарын атқылап жатыр. Бірқатар қалада, оның ішінде Украина батысында шабуылдардан соң жарық сөнген, су және байланыс мәселелері де туындаған. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.
Облыс орталықтары Хмельницкий мен Ровно, Одесса, Кировоград, Волын облыстарының бірқатар ауданы жарықсыз қалған. Әлеуметтік желілерде Ровно қаласына зымыран соққысы жасалғаннан кейін түсірілген видеолар мен суреттер тарады. Қала мэрі Александр Третьяк өте маңызды инфрақұрылымға соққы тигенін хабарлады. Луцк қаласына да әуеден шабуыл жасалған. Қала мэрі Игорь Полищук энергетика нысандарының бүлінгенін айтты. Соның салдарынан қаланың бір бөлігінде электр энергиясы жоқ.
Львов, Одесса, Киев, Черновицк облыстарында әуе шабуылынан қорғайтын жүйелер іске қосылған. Жергілікті биліктің айтуынша, истребитель зымыранды атып түсіріп, көлге құлаған. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестовичтің айтуынша, әуе шабуылынан қорғайтын жүйе Киевке бағытталған бес зымыранды атып түсірген.
Ресей 10 қазаннан бері Украинаның энергетика нысандарын жаппай атқылап жатыр. Украина энергетика министрі Герман Галущенко атқылаудың салдарынан елдің энергетика құрылымының 30-40 пайызы бүлінгенін мәлімдеді. Шығын көлемі миллиардтаған долларға жетеді.
Галущенконың айтуынша, шабуылдың салдарынан Украина шамамен 4 мың мегаватт қуат жоғалтқан. Алайда министр Reuters’ге берген сұхбатында Украинаны тұтас жылу әрі электр энергиясыз қалдыруды көздеген Ресей мақсатына жеткен жоқ деді. Атқылауға ұшыраған электр станцияларының көбі толық қуатпен болмаса да ішінара жұмыс істеп жатыр.
Украина тұрғындарына күндіз және кешке электр энергиясын үнемдеу туралы ұсыныс айтылды. Кейбір аймақта жүйені қайта іске қосқандықтан бірнеше сағат жарық болмай қалған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…