Categories: Саясат

Украина жерінің жартысынан айырылуы мүмкін

Украинадағы соғыс 2030 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Мұндай болжамды Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан жасап отыр. Оның пайымдауынша, Украина соғыстың салдарынан тіпті жерінің жартысынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл келесі онжылдықта Еуропа Одағының ыдырауына себеп болуы ықтимал. Өйткені Ресейге санкция салынған соң Еуропа елдері энергетикалық дағдарысқа ұшырап жатыр.

«Европейская газета» басылымының хабарлауынша, Орбан бұл пікірін 10 қыркүйекте Кетчедегі жабық кездесу барысында айтқан.

Кетчедегі «Фидес» аясында өтккен кездесуді Виктор Орбанның партиясы ұйымдастырған. Жабық кездесуге Венгрияның премьер-министрі, Үкімет мүшелері, парламент мүшелері мен суретшілер, зиялы қауым және кәсіпкерлер қатысқан. Айта кеткен жөн, бұл кездесуде не айтылғаны туралы әлі БАҚ беттерін ақпарат шыға қойған жоқ. Бірақ онымен бірге кездесуде болғандар, Орбанның не мәселе көтергенін хабарлаған.

Енді Szabad Europa сайты Орбанның жиында не айтқанын жариялады. Дереккөзге сүйенсек, оның сөздерін кездесуге қатысушылар хабарлаған.

Орбанның айтуынша, Украина мен Ресей арасындағы соғыс 2030 жылға дейін жалғасады. Соның салдарынан Украина жерінің үштен бірінен немесе жартысынан айырылып қалуы мүмкін.

Венгрия премьер-министрінің айтуынша, соғыс екі ел арасында ғана болғанда жағдай бұлай ушықпаушы еді. Бірақ Батыс араласып, оны жаһандық мәселеге айналдырды. Ал қазір Еуропа санкциялар салу арқылы «өз аяғын өзі атып жатыр».

Санкциялардан кейін туындаған энергетикалық дағдарыстың салдарынан Орбанның болжамына сәйкес, Еуропалық өнеркәсіптің 40%-ы қыста тоқтап қалуы мүмкін. Күзде еуропалық көшбасшылардың санкциялар пакетін тағы алты айға ұзарту туралы келіссөздері болуы мүмкін. Ал Орбан олардың ұзартылуына жол бермес үшін күш салуды жоспарлап отыр.

ЕО болашағына қатысты Орбан Еуроаймақтың, тіпті Еуропалық Одақтың өзі де 2030 жылға дейін құлдырауы мүмкін деп есептейді.

Сонымен қатар, ол Францияда 2040 жылға қарай мұсылман иммигранттары көбейеді. Бұл жағдай Еуропалық Одақ елдерінің қалалары мен астаналарында да болуы мүмкін деп болжам жасаған.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago