«Украина мен Ресей арасындағы соғыс барған сайын киелі соғысқа айналып барады. Бұл жай ғана территория мен тәуелсіздік үшін соғыс емес. Бұл – өркениеттер арасындағы соғыс», дейді физика-математика ғылымдарының кандидаты Эльдар Кнар.
Украина өзі үшін ғана емес, ол еуропалық өркениет пен батыс құндылықтары үшін күресуде. «Украина еуропалық өркениеттің қорғаушысы» деген идеяны Зеленский соғыс басталғалы қайталап келеді.
Батыс әлемі осы идеяны енді ұғып, енді шабыттана бастады.
Болашақ әлем қандай болады деген идея үшін шындап күресуге кірісті. Адамзатты болашақта кім билейді, Атлантизм бе, әлде Еуразияшылық па?
Бұл – Өркениет 4.0 мен Өркениет 2.0 арасындағы соғыс.
– Бұл екі ұлт арасындағы соғыс емес. Бұл – «Либерализм, демократия, азаматтық қоғам, көркею» деген еуропалық құндылықтар мен «Тоталитаризм, авторитаризм, жабық қоғам, жоқшылық пен кедейшілік» деген Еуразияшылық идеясының арасындағы соғыс.
Мысалы, Жапония, Тайвань, Сингапур немесе Оңтүстік Корея – еуропалық құндылықтарды қабылдаған Өркенииет 4.0-ге жатады.
Ал қазақстандықтардың қай құндылықты қалайтыны басқа мәселе.
Айтпақшы, екінші дүниежүзілік соғыс – өркениеттер соғысы емес еді. Ол идеологиялар соғысы болған. Бір жағында антифашизм (АҚШ, КСРО, Англия), екінші жағында фашизм (Германия, Италия, Жапония) болған.
Ал енді Украинадағы Бірінші Өркениеттер соғысы немен аяқталады? Есі түзу адамдар Украина жеңеді деп сенеді. Бірақ сарқылмайтын Ресей де жеңіп шығуы мүмкін. Не болмаса, жеңілмей құтылып, өз жанын сақтап қалуы мүмкін. Қолында ядролық қару деген көзірі бар екенін ескерсек. Бір анығы – бұл соғыс ұзаққа созылады,
дейді сарапшы.