Ресей Федерациясы деген сүйкімсіздеу мемлекеттің астанасынан өте қызық жаңалықтар келіп жатыр.
Украинаның беспилотниктары елдің элитасы шоғырланған Мәскеудің «Рублевское шоссесіне» шабуыл жасады. Ресми Мәскеу әлі жақ ашпай отыр.
Украина Мәскеуді атқылады.
Ресей басшылығына үлкен сұрақтар туындай бастады:
- Путин не істеп отыр?
- Басқасын қойшы, Кремль тұрған Мәскеудің аспанын күзете алмаса, одан не күтеміз?
- Халық сенген Путин бункерде тығылудан басқа бірдеңе біле ме?
Украинаның Мәскеуге рейдке жіберген беспилотниктары – батыстыкі емес, түріктікі емес. Оны «Укрджет» жасаған. Әуеден соққы беруге арналған украиналық дрон. Украина өз елінде оның өндірісін жолға қойған екен.
Осы шабуылымен Украина қарулы күштері Путиннің есігін қақты. Ендеше көп ұзамай Кремльге украиналық танктердің кіріп келетін күні алыс емес.
Иә, Ресейдің дрон жасап шығаратын қауқары жоқ. Ресей тырқ-тырқ етіп әрең ұшатын мопедтерді Ираннан сатып алды.
Бұл Украинаның совет одағы күйреген соң дұрыс жолды, жөн бағытты таңдағанын көрсетеді.