Шетелдік БАҚ не деп жазды?
Монархиядан бас тарту
The Wall Street Journal мәліметінше, Елизавета патшайымның өлімі басқа елдердің Британиямен қарым-қатынасын өзгертуі мүмкін.
Британдық монарх, қазіргі Король Карл III, Ұлыбританиядан тыс 14 елдің ресми мемлекет басшысы болып табылады. Олардың қатарына Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Кариб теңізі мен Тынық мұхитының бірнеше аралдық мемлекеттері кіреді.
Елизавета патшайым 70 жыл ішінде бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға тұрақтылық сезімін сыйлаған және қарапайым халықпен шынайы байланыс орната білген саяси тұлға еді. Енді тақ есімі әлі таныла қоймаған Карлға ауысты. Яғни, кезінде патшайымның наласына қалудан қорқатын республикалық белсенділер монархиядан бас тартамыз деген өз позицияларын қорғай алады деген сөз.
Елизавета II тақта отырған кездің өзінде кейбір мемлекет отаршылықтан бастау алған монархияның дәуірі аяқталу керектігін алға тартқан еді. Өткен жылы Барбадос 30 жыл ішінде монархиядан бас тартқан алғашқы ел болды. Кариб теңізінің бірнеше елдері, соның ішінде Ямайка, қарым-қатынасты үзуге дайын екендіктерін жеткізді.
Саммите Мәскеудің беделі төмендеді
Bloomberg агенттігі Украина мен Ресей соғысының саяси салдары туралы жазды.
Украина соғыс алаңында алға шықты. Бұл жетістіктер Орталық Азияда осы аптада өтетін саммитта Владимир Путиннің де, Си Цзиньпиннің де беделін айтарлықтай түсірді.
Қытай басшысы Орталық Азияға сапарын Қазақстаннан бастауды көздеп отыр. Артынша Өзбекстанда өтетін ШЫҰ саммитіне қатысуға ниетті. Ол Владимир Путинмен кездеседі. Ресей президенті ақпан айында Бейжіңде Олимпиада ойындарының ашылуына барып, екі ел арасында «шексіз достық» жариялаған соң бұл олардың алғашқы кездесуі. Содан кейін Украинада соғыс басталып кетті. Бұл саяси шиеленіскен апта болары сөзсіз. Себебі Мәскеу ұрыс алаңында жеңіліске жақындап қалды.
Швеция иммигранттардан құтылмақшы
The Guardian хабарлауынша, оңшыл демократтар бастаған коалицияның сайлаудағы жеңісі Швед саясатын түбегейлі өзгерте алады.
Швед демократтары елдің екінші үлкен партиясына айналды. Олар басқаратын оң қанат қазіргі қарсыластарын жеңуге жақындады.
Жексенбі күні кешке оң жақ блоктың 90% дауыс жинағаны белгілі болды. Соңғы нәтиже кейінірек шетелде тұратын ел тұрғындарының дауыс беруі туралы мәліметтер келгенде белгілі болады. Демократтар жеңістерін атам өтіп жатыр. Кем дегенде билік орындарының 4/1 бөлігі өздерін қамтамасыз етті. Яғни, қылмысқа қатысы бар иммигранттар елден қуылады деген сөз.
Екі партияның ойынша, елдегі зорлық-зомбылықтың өсуіне басқа мемлекеттен қоныс аударушылар санының артуына байланысты. Бұл тұрғын және еңбек нарығындағы сегрегацияның жоғары деңгейіне әкеліп соқты. Бірнеше онжылдықта Швеция Еуропадағы түрлі мәдениет шоғырланған қоғамға айналады. Халықтың 3/1 немесе ата-аналар көбінде шетелде дүниеге келген. Балалардың 30 пайызы ана тілін білмейді. Ал кей жерлерде көрсеткіш 45 пайызға дейін жеткен.
Коронавируспен күресуге ақша жоқ
Fox news хабарлауынша, Ақ үй отандық өндірушілерден үй жағдайында коронавирусқа арналған 100 миллион жедел тест сатып алғанын жазады.
Байден әкімшілігі бұл әрекетін қаржының жетіспеушілігімен байланыстырды. Себебі Конгресс халықты тегін сынақтармен қамтамасыз етуге қаражат шығармауды дұрыс деп шешкен.
Инфекциямен күрес аралық сайлау қарсаңындағы саяси ойындардың құралына айналғанына күмән жоқ деп жазды басылым.
АҚШ-қа «Құрғақ Заң» оралды
New York Times өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Америка алкогольге қарсы компанияның жаңа кезеңіне қадам жасауы мүмкіндігін жазды.
Алкоголь өнімдеріне салынатын салық көптеген жылдар бойы өзгермеген. Алайда, пандемия алкоголь өнімдеріне сұранысты арттырды. Ол өз кезегінде өлім-жітімнің өсуіне әкелді. Бұл ретте билік салықты көтеруге шешім қабылдады.
Басылымның дереккөздеріне сүйенсек, салықтың өсуі, негізінен, шешілген мәселе, бірақ кейбір штаттар алкоголь сатуды шектеуі мүмкін.