Жоғары оқу орнын аяқтаған немесе колледж дипломын алғандардың 40 пайызы жұмыс таппайды екен. Колледж түлектерінің жартысына жуығы мамандығы бойынша еңбек етпейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты.
Вице-премьер, сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 32 пайызы мектептен кейін білімін жалғастырмағандар деп отыр. Ал қазір осы орта білімге байланысты да сын көп. Соның өзектісі – соңғы қоңырауды 25 мамырдан 1 маусымға ауыстыру болып отыр.
Оқу-ағарту министрі бүгін «1 аптада ештеңе оқытпайды» деген ата-аналардың сынына байланысты өз ойын айтты.
Сабақ бітті, балаларға не оқытатынымды білмеймін» — деген мәселе көтерілген кезде, қисынсыз қойылған сұрақ деуге болады. Немесе осылай айтқан мұғалім, әрине ондай мұғалім бар болса, демек ол ұстаз күнтізбелік-тақырыптық жоспар дегеннің не екенін білмейді деген сөз. Өйткені, күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу жылының басында бекітіледі,
деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.