Бұл Ақтөбеде салынған веложолдар. Ол жолмен ешкімнің жүрмесі анық. Осындай сұмдық жұмыстың құны қанша екен?
Ақтөбеде веложал салуға 1,2 млрд теңге бөлініпті. Қаражаттың бір бөлігіне осындай велосипед тебуге арналған жол төсеу керек болған. Бірақ, ақша әлі төленбеген екен.
Ақтөбе қаласының инстаграм парақшасында осы қорқынышты жолдар туралы пост жарияланды. Бір қызығы, ТҮКШ бөлімінің мамандары ұялмай-қызармай пікір қалдырған екен:
Ақтөбеде веложолдар нысандарға қойылатын нормалар мен талаптарға сәйкес салынған
Қала тұрғындары ашулы. Ескі мәселелерді шешудің орнына, жаңасын тудырып отырған билікке наразы. Расымен де, суреттерге қарап байқауға болады. Құрылыс кезінде жаяу жүргіншілер жолақтары мен көлік қатынасын мүлде есепке алмағаны көрініп тұр.
Мұндай салғырттық бюджет есебінен төленбегені дұрыс сияқты. Немесе бар сенім Ақтөбе облысының жаңа әкімінде. Мүмкін жағдайдың мән-жайына құлақ асар деп ойлаймыз.