VK компаниясы App Store дүкенінен бірнеше қолданбаның жойылғанын растады. Бұрын орнатылған барлық сервис әдеттегідей жұмыс істей береді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Дүйсенбі күні таңертең көптеген VK қолданбасы, соның ішінде K Play, «VK Музыка», «VK Клипы» және «VK Мессенджер», VK Play және «VK Админ», сондай-ақ «Почта Mail․ru» және «Облако Mail.ru» App Store дүкенінде іздеу кезінде көрсетілмейтін болды.
ВК компаниясы Apple компаниясы оның бірнеше қолданбасын бұғаттап қойғанын растады, олар қазір App Store дүкенінде жоқ… Қолданушылардың смартфонында бұған дейін орнатылған VK сервистері әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр,
делінген хабарламада.
ВКонтакте баспасөз қызметі толықтырғандай, VK компаниясы Apple компаниясына App Store дүкенінде компанияның бірнеше қолданбасы бұғатталуына байланысты түсініктеме алу үшін сұрау жіберді.
Компания (VK – ред.) Apple компаниясына түсініктеме алу үшін сұраныс жіберді,
деп хабарлады баспасөз қызметі.