Facebook желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг WhatsApp мессенджеріндегі құпиялықты қорғауды күшейтетін жаңа функциялар туралы айтты.
Марк Цукерберг бұл туралы Facebook-аккаунтында жазды. Жаңа функциялар мынадай:
- Енді мессенджер қолданушысы топтық чаттардан шықса, оның шыққаны туралы ескертпе келмейді. Демек топтан адамның шыққанын топтың басқа қатысушылары байқамайды.
- Қолданушының онлайн статусын көре алатындар шеңберін шектеуге болады. Қазір кімнің желіде отырған-отырмағанын бәрі көре алатын, болмаса ешкім көре алмайтын функция бар.
- WhatsApp-та параметрі автоматты түрде өшірілетіндей етіп жазылған хабарламалардың скриншотын жасауға тыйым салынады.
Біз сіздердің хабарлмаңызды қорғаудың және оларды жеке әңгімелер сияқты құпия және қауіпсіз сақтаудың жаңа жолдарын жасауды жалғастырамыз.
деп жазды Facebook басшысы.