Енді миллиондаған WhatsApp қолданушылары көптен бері сұраған жаңа мүмкіндік – хабарламаларды жіберілгеннен кейін өңдеу берілді.
Бірақ бұл мүмкіндікте кейбір шектеулер бар. Хабарлама жіберілгеннен кейін оны өңдеуге 15 минут қана беріледі. 15 минуттан бұрын жіберілген немесе бірнеше сағат, апта бұрын жіберілген хабарды өңдей алмайды.
Сондай-ақ барлық өңделген хабарламаларда «Өңделген» деген тег қосылады. Ал хабарламаны алушылар енгізілген өзгерістерді көре алмайды. WhatsApp әлеуметтік платформаларындағы басқа чаттар сияқты өңделген хабарламалар да тұтастай шифрланатынын растады.
Егер қазірше пайдаланушылар жіберілген хабарды өңдеу опциясынан көрмесе, онда жаңа функция пайдаланушы тұратын аумақта әлі қосылмаған болуы мүмкін, себебі компания жаңа мүмкіндікті қосу әлі де жалғасуда.