Wordle, Украина, Путин және Джонни Депп — қолданушылар Google-ден биыл не іздеді

Google компаниясы бүкіл әлем бойынша ең көп ізделген сөздердің рейтингін жариялады. 2022 жылы қолданушылар іздеу жолағына Wordle сөзін жиі іздегені белгілі болды. Бұл — сөздері бар онлайн ойын атауы. Google рейтингіне өткен жылдың басты оқиғасы — Ресейдің Украинаға қарсы соғысы да әсер етті.

Бағдарламашы Джош Уордл 2021 жылы шығарған және кейінірек New York Times газетіне сатқан Wordle ойынын пайдаланушылар жиі іздеді.

Wordle-ді күніне бір рет қана ойнауға болады. Ойыншының міндеті — бес әріптен тұратын сөзді табу. Күн сайын бұл әлемдегі барлық пайдаланушылар үшін бірдей жаңа сөз. Әр пайдаланушының «күннің сөзін» болжауға алты әрекеті бар. Оны ойнауға бірнеше минут қана кетеді.

Бұл ойынның танымал болғаны сонша, ол Google іздеу рейтингінің басқа санаттарына да әсер етті. 2022 жылғы ең көп ізделген он сөздің жетеуі Wordle жауаптары, соның ішінде «cacao», «homer», «canny», «foray», «trove», «saute» және «tacit» сияқты бес әріптен тұратын ағылшын сөздері.

Wordle ережелері

Ойыншылар бес әріптен тұратын кез келген сөзді атайды.

Егер онда авторлар жасырған сөздегі әріптер кездессе олар сарыға айналады.

Егер бұл әріптер дұрыс жерде болса, олар жасылға айналады.

Егер олар сөзде болмаса, олар сұр түске боялады.

Саясат және басқалар

«Украина» (Ukraine) сөзі бүкіл әлем бойынша ең көп ізделген сөздердің ішінде үшінші орында.

Әлемде ең жиі гуглдатқан есім — Ресей президенті Владимир Путин төртінші орынды иеленді.

Google қолданушыларын ең көп қызықтырған әлемдік жаңалықтар рейтингінде Украина бірінші орында, ал екінші орында — Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның қайтыс болуы. Бұл санаттағы үшінші орынды «сайлау нәтижелері» (election results) іздеу термині, төртінші «Powerball нөмірлері» (Powerball нөмірлері, яғни америкалық лотерея нәтижелері), бесінші орынды «маймыл шешегі» (monkeypox, жақында ДДҰ mpox деп өзгерткен) алды.

Атақты адамдар арасында ең көп ізделген Джонни Депп болды — 2022 жылдың жазында ол бұрынғы әйелі Амбер Хердпен соттасып, жаңалықтардан түспеді.

Әлемдік рейтингте екінші орында актер Уилл Смит тұр — бұған ол Оскар рәсіміне рақмет айтса болады, тікелей эфирде сықақшы Крис Роктың бетінен ұрғаннан кейін актердің есімі жаңалықтарда жиі аталды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago