Қырғызстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘЭ» сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Ұйым мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 11:24-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан,
делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды. MPV магнитудасы — 4,5. Тереңдігі — 10 шақырым.