Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басшысы Камчыбек Тәшиев екі ел де 4 шекара посты жұмысын тоқтата тұратын болып келіскенін мәлімдеді.
Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды.
Камчыбек Ташиев Тәжікстанмен келіссөздер қорытындысы бойынша бұған дейінгі қақтығыстар басталатын жерді жою үшін екі жақтағы төрт шекара бекеті жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданғанын айтты.
Хаттама бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен құқық қорғау органдарына нұсқау беріліп отыр. Басты мәселе — үнемі жанжал туатын ірі шекаралық посттар алынып тасталды,
деді Қамчыбек Тәшиев.
Қырғызстан жағынан мына бақылау бекеттері алынып тасталады:
- Тамдык;
- Бұлақ-Башы;
- Қатта Тұз;
- Дача.
Тәжік беттен:
- Бидок;
- Кёг;
- Кара Чикум;
- Шаршене.
Қамчыбек Ташиев шекара посттарында әскери адам да, азамат та жүрмейтінін айтты.