Тоқаевтың бүгінгі Жолдауынан пәлендей маңызды ештеңе байқамадым, деп жазды Аршат Ораз. Сол бұрынғы стандарт нәрселер ғой жалпы. Бірақ, жасырын маңызды бір нәрсе бар. Егер жолдардың арасынан оқи алсаң, геосаяси стратегиялық ой айтқанын көресің.
Қазақстан болашақта Орталық Азияның лидері болады. Ауылшаруашылығы, су мәселесі, көлік қатынасы, бәрі соған келіп тіреледі. Ресейдегі жағдайдан кейін олар енді оқшауланатыны, жағдайы оңалмайтыны түсінікті сияқты.
Сондықтан Еуразияда Қазақстан маңызды орынға айналады. Қытай мен Батыс арасындағы транзит боламыз. Одан бөлек көршілес елдерді бәлкім өзімізге қосып алармыз кейін?
Жалпы Тоқаев тек жолдауда емес, оның алдында да ОА елдерімен қатынас туралы жиі айтады. Түркілік, Тұран сияқты қатынастар емес, нақты экономикалық бірлік туралы айтады. Ондай лидер болатын болсақ санамызға да сондай нәрсе кіру керек шығар. Өзімізді үйрете берейік.