Жуырда Ыстанбұлда болған жарылыстан кейін қалада бірқатар шектеулер енгізілді.
13 қарашада Ыстанбұл қаласының орталық көшесінде жарылыс болып 6 адам қаза тапты, 81 адам жарақаттанды.
Қайғылы оқиғадан кейін Ыстанбұл губернаторы Али Ерликая Истиклал көшесіндегі қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тәртіпті сақтау және жаяу жүргіншілердің ағынын жеделдету үшін қабылданатын шаралар туралы жарлық шығарды.
25 қарашада енгізілген шектеулер қала тұрғындары мен қонақтарына БАҚ арқылы ескертілді.
Уақытша шектеулер үстелдер, орындықтар, тақталар, дүңгіршектер, жылжымалы маңдайшалар мен стендтер орнатуға тыйым салады. Сондай-ақ көше саудасына, әлеуметтік, мәдени немесе коммерциялық іс-шараларды ұйымдастыруға, ұжыммен немесе жеке көшеде ән салуға, қойылымдар мен көрмелерге де рұқсат етілмейді.