Фото: ашық дереккөзден
Қытай билігі үкіметке қарсы ірі наразылық акциялары аясында коронавирусқа қарсы шаралардың жеңілдейтінін жариялады, деп хабарлайды Еuronews.
Полиция ауқымды наразылық шеруі өткен Шанхай көшелерінде бақылауды күшейтті. Жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларының кетіп бара жатқан адамды тоқтатып, телефондарының ішіндегі фотосуреттер мен бейнежазбаларды тексеріп жатқанына шағымданады.
Шетелдік басылымдардың кем дегенде екі журналисі ұсталды деген ақпарат бар. Олар BBC және Швейцария теледидарының тілшілері екені белгілі. Полицейлер БАҚ өкілдерін үкіметке қарсы манифесттерді жариялау туралы жауап алғаннан кейін босатты. Британдық журналистке қатысты ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзян ұсталған адамды БАҚ тәртібін бұзды деп айыптады. Тілші журналист екенін растайтын құжаттарын өз еркімен көрсетпеген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнындағы адамдарды таратуға тырысты. Қарсылық танытқандар шеттетілді.
Эпидемиямен байланысты шектеулерге қарсы наразылық акциялары Шанхай мен Уханьға да жетті. Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге қарсы шыққандарға полиция қызметкерлері қатаң күш қолданды. Джонс Хопкинс университетінің Саяси экономика профессоры Хофунг Хунгтың айтуынша, Бейжіңнен басқаша жауапты күтудің қажеті жоқ:
Әзірге Үкімет қатаң репрессиялық шараларға сүйенеді. Олардың мәселені концессиялармен шешуге тырысып, өз саясатын өзгертетінін елестету мүмкін емес. Бұл Си Цзиньпин стилінде емес және бұл оларға жақсы ештеңе әкелмейді,
деді ол.
Еске сала кетейік, 25 қарашада ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт салдарынан он адам қаза тауып, тағы тоғызы зардап шекті. Жергілікті тұрғындар санитарлық шектеулерге байланысты адамдарға ғимараттан шығуға тыйым салынғанын айтады. Алайда қала әкімшілігі мұны жоққа шығарады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…