2023 жылдың 6 айында Қытай экспорты мен Қазақстан импорты арасындағы алшақтық 3,3 млрд долларға жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат
Қытай Халық Республикасының экспорты мен Қазақстан Республикасының импорты арасындағы алшақтық 2023 жылдың 1-жартыжылдығының айналы статистикасы бойынша 31,8 пайыз немесе 3,3 млрд доллар. Қытай Халық Республикасымен айналы статистикадағы алшақтықты азайту мақсатында шекара маңындағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Құн тәуекел индикаторлары қайта қаралды»,
деп атап өтеді Мемлекеттік кірістер комитеті агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Ведомство мәліметінше, «Тәуекелдерді басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінде субъектіге бағытталған көзқарас және деректерді иннтелектуалды өңдеу енгізіліп жатыр.
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан импорты – Қытай экспорты» бағыты бойынша Қазақстан мен Қытайдың статистикалық деректері арасындағы алшақтық 9,2 пайыздық көрсеткішке (2021 жылы 41,1 пайыздан 2022 жылы 31,9 пайызға дейін) қысқарды»,
деп атап өтеді комитеттен.