Қытайдың қорғаныс министрі Ли Шанфу Сингапурда өткен қауіпсіздік форумында АҚШ пен Қытай арсында қақтығыс болса әлем үшін төзгісіз апат орын алатынын айтты, деп хабарлайды DW басылымы.
Ол өз сөзінде АҚШ, Тайвань, Украина туралы да атап өткен. Сондай-ақ Қытайдың АҚШ-қа қарсы шағымдары бар екенін мәлімдеді.
Бұл екіжақты байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты тереңдету үшін ортақ тіл табысуға кедергі болмауы керек. Алайда Қытай мен АҚШ арасында күрделі қақтығыс немесе қарама-қайшылық болса бұл әлем үшін төзгісіз апатқа айналады. Ал ұлы ел өз мүддесі үшін блоктық қақтығысты тудырмай, соған сәйкес әрекет етуі керек,
деді Ли Шанфу.
Сонымен қатар, Қытайдың Қорғаныс министрі Тайвань мәселесін қалай шешу керектігі Қытайдың өз еркінде екенін айтты. Егер Тайванды Қытайдан біреу бөліп алмақ болса, онда Қытай әскері бір сәтке де тартынып қалмайды екен.